Петропавлда 15 жастағы жасөспірім баланы құтқарды

Петропавлда 15 жастағы жасөспірім баланы құтқарды

 

15 жасар Аслан Гималетдинов Петропавл қаласының 20 шағын ауданындағы сайдың түбіндегі табиғи шұңқырдың суық суына шомылуға барып, 7 жасар інісін құтқармақшы болған 13 жасар баланы құтқарды.

 «Жуков көшесінде  велосипедпен жүріп келе жатып, көмек сұрап айқайлаған дауысты естідім, сонымен бірге жолмен жүгіріп келе жатқан қызды да естіп қалдым. Біреудің батып  жатқанын түсініп, ойланбастан жүгіре жөнелдім»,-деп еске алды Аслан.

Суға жүгіріп бара жатып,  жағада  есін жиалмай отырған баланы және бірнеше  метр жерде шұңқырдың тереңдігінде батып бара жатқан баланы  көрдім.

«Әбден шаршағаннан, оның айқайлауға шамасы келмеді. Суға түсіп, оны қатты ұстап алып, жағаға шығардым», - деп толықтырды ол.

Кейінірек белгілі болғандай, ағайындылар түскі уақытта еріген сумен толтырылған осындай қауіпті су қоймасының жағасында ойнаған. 7 жастағы інісі, ата-анасының тыйымдарына қарамастан, аяғын сулаймын деп суға түскен. Інісінің суға батып бара жатқанын көріп, ағасы оған көмекке келеді. Алайда інісін жағаға шығарып, бірақ өзі сазды жағалаулармен терең шұңқырдан өздігінен шыға алмайды. Сол маңда ересектерден ешкім болмаған. Осы ретте, айтарымыз Петропавлда 2 ресми жағажай бар, онда құтқарушылар кезекшілік етеді. Ал қалған орындарға шомылуға тыйым салынады. Олар қауіпті, әсіресе балалар үшін!

Көп ұзамай Жуков көшесіндегі бес қабатты үйдің тұрғындары құтқарушылар мен жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырды.  Олар балаларды қарап, психологиялық көмек көрсетті. Суға түскен кезде Аслан стресстен ауырсынуды сезбеген, ал құтқарушылар келген кезде, аяғының күйік шалғанын байқады. Дәрігерлік көмек көрсетілді.  

Аслан өзін батырлық жасадым деп санамайды. Менің орнымда кез келген адам осындай қадам жасар еді деп есептейді. Асланның оқитын НЗМ мұндай оқушымен мақтана алады.

 

 

СҚО ТЖ департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы