Орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі туралы

Орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі туралы

Орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі туралы Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі туралы» тақырыбында брифинг өтті.

БАҚ өкілдерімен кездесуде Қостанай облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Е. Аушахметов сөз сөйледі.

Спикердің айтуынша, құрғақ және ыстық ауа-райына байланысты өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап өрт санының өсуі байқалады. 292 га жалпы алаңда 29 орман өрті, 540,96 га алаңда 196-дан астам шөптің жануы орын алды, олардың негізгі себептері – халықтың отпен абайсызда жұмыс істеуі, сабанды бақылаусыз жағу және т. б.

Департамент бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде белсенді жұмыс жүргізуде. Халық пен аграрлық сектор қызметкерлері арасында 200-ге жуық жиын, 2000-нан астам нұсқама, жалпы 12 500 адамды қамтитын 69 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің атына көктемгі егіс жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша 260-тан астам ақпараттық хат жолданды.

Орман шаруашылығы мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инженерлік құрамымен және басшыларымен 147 қызметкерді қамти отырып, табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша 15 оқыту семинары өткізілді.

Орманды дала өрттеріне ден қою үшін Департаменттің құрамында 113 адамнан тұратын күштер мен құралдар тобы, 23 бірлік өрт және инженерлік техника, 109 бірлік рюкзакты өрт сөндіргіштер және 696 бірлік импровизацияланған құралдар дайындалды.

Өз сөзінің жалғасында ТЖД дала және орман өрттерін сөндіру бойынша жауапкершілік аймақтарының заңнамалық аражігін ажыратуға қарамастан, Департамент бөлімшелері облыс аумағындағы табиғи өрттердің алдын алуға және жоюға белсенді қатысатынын атап өтті. Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап Департаменттің күшімен барлығы 139 шөп өрті жойылды, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдіктерімен бірлесіп 95 жану жойылды.

Ыстық ауа-райының басталуымен тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қатаң сақтау ұсынылады: от жағуға болмайды, ормандарда ашық отты пайдалана отырып, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізбеу, қоқыстарды, құрғақ шөптерді және тұрмыстық қалдықтарды жағу, жарамсыз ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану.

Брифингтің екінші бөлімінде Е. Аушахметов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы