Жас құтқарушылар командасы үйлеріне оралды

Жас құтқарушылар командасы үйлеріне оралды

  

Әзербайжан Республикасының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай "Жас құтқарушы" Халықаралық балалар-жасөспірімдер жарысында Қазақстан Республикасының намысын қорғаған қатысушыларды туыстары, достары мен әріптестері қошеметпен қарсы алды.

Қатысушылар жеңген олжаларын мақтанышпен көрсетіп, жеңістері туралы айтты.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы ТЖД "Жас құтқарушылар" командасы Әзербайжан Республикасының "Жас құтқарушы" Халықаралық балалар-жасөспірімдер жарысына қатысып, тартысты күрестің қорытындысы бойынша "Жас құтқарушы" Халықаралық слетінде жалпы командалық 3-ші орынға ие болды.

                                                                 Астана қаласы ТЖД ТЖ басқармасы