Қостанай ауданында шақырудың жоғары дәрежесі бойынша өрт сөндірілді

Қостанай ауданында шақырудың жоғары дәрежесі бойынша өрт сөндірілді

4 маусым күні кешке Тобыл қаласындағы Механизаторлар көшесіндегі бір қабатты кафе ғимаратының шатыры өртенді.

101 пультіне өрт туралы ақпарат 22:08-де келіп түсті.

Алғашқы өрт сөндіру есептоптары оқиға орнына келгеннен кейін өрт 400 шаршы метр аумаққа таралған болатын. Жалын бірден кафенің жанында орналасқан бірнеше сауда дүңгіршектерінің шатырларын шарпыды.

Бұл жерде өрт сөндірудің жедел штабы орналастырылды, екі жауынгерлік учаске құрылды, сөндіруге 5 әмбебап оқпан жұмылдырылды.

23:59-да өрт толығымен жойылды.

Өрт шақырудың жоғары дәрежесі бойынша пысықталды.

Сөндіруге ТЖД жеке құрамының 38 адамы және 12 техника жұмылдырылды. Бұдан басқа құрамында 1 адам және 1 техника және «Қостанай-Су» КМК, 1 адам және 1 техника бар «Затобол жылу-энергетикалық компаниясы» МКК қосымша күштері мен құралдары тартылды.

Өртте қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Анықтаушылар оқиғаның мән жайын екжей-тегжейлі анықтауда.

 

 

         Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы