
2023 жылғы 5 шілде күні Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Е.Назарқұловтың ұйымдастыруымен Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі Арнайы басқармасы мен Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері арасында жұмыс кеңесі өтті.
Жұмыс кеңесіне «Ресей Федерациясы ТЖМ №70 ФӨҚҚ арнайы басқармасы» ФМҚ мекемесінің бастығы ішкі қызмет полковнигі В.В. Ворона, РФ ТЖМ ӨСжАҚЖҚ бастығы ішкі қызмет подполковнигі М.В.Морозов қатысты.
Жиын барысында Е.Назарқұлов, суға шомылу маусымы басталғаннан бері күнделікті жүргізілетін рейдке қарамастан адамдардың суға кетіп қайтыс болу фактілері азаймай отырғанын айтты. Суға шомылуға белгіленбеген жерлерде, балалардың ересектердің қарауынсыз суға шомылуы, ересектердің спирттік ішімдікті ішіп, мас күйінде суға шомылуы салдарынан болған қайғылы жағдайлар көбейіп отыр. Сондықтан жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік маңызды мәселе екендігін атап өтті, бақылауды күшейту керектігі жөнінде ұсыныс білдірді.
Сөз кезегінде полковник В.В. Ворона су айдынындағы қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында бірлескен іс-қимылдар жоспарларына түзетулер енгізілетінін айтты.
Сонымен қатар жеке құрамға қауіпсіздік талаптарын сақтау, суда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, Байқоңыр қаласының тұрғындарына, күнделікті рейд жұмыстары күшейтілетінін жеткізді.
Жиын соңында Байқоңыр қаласындағы Сырдария өзені жағасындағы демалушылар мен балықшыларға су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі жөнінде түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.
Қызылорда облысы ТЖД