Құтқарушылар дауыл кезінде әкесі мен ұлын құтқарды

Құтқарушылар дауыл кезінде әкесі мен ұлын құтқарды

Екатеринбургтен келген туристердің демалыстары қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Әкесі мен баласы Бурабай көліндегі SUP-тақтасынан аударылып кетті. Туристерді жергілікті құтқарушылар құтқарып, жағаға жеткізді, – деп Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Көпшілік үшін Бурабай ауданындағы ауа-райы өте құбылмалы екенін бәрі біледі. Кеше табиғат тағы да өзінің құбылмалылығын көрсетіп, кенеттен көлде дауыл көтерілді. Үлкен толқындардың салдарынан екі демалушысы бар тақта аударылып кетті. Екі туристтің құтқару кеудешелері суға батып кетпеуге көмектесті, бірақ жоғары толқындар олардың тақтаға қайта көтерілуіне мүмкіндік бермеді. Он жасар ұлын сумен ары қарай алып кетпеуі үшін әкесі тақтайға жабысып ұстап тұрды. Осы кезде көлді визуалды тексеру кезінде құтқарушылар апатты байқап, көмекке асықты.

«Біз құтқарылғандарды жағаға шығардық. Бала қатты қорқып кетті, біз оған психологиялық көмек көрсеттік және 15 минуттан кейін ол есін жиды. Көмек көрсеткен соң біз тағы да су айдынын айналып өттік. Өмірлеріне қауіп төніп тұрса да, дауыл мен толқынға қарамастан, адамдар катамарандармен жүзуді жалғастырған. Біз төтенше жағдайларды болдырмау үшін барлық демалушыларды жағаға қайтардық», – деп Бурабай құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Андрей Жуков айтты.

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары, егер сіз шомылу кезінде дауылға тап болсаңыз, онда:

  • толқынның жақындағанын иығыңыздың артынан қарап қадағалаңыз;
  • толқын сізді көтергенде, бүкіл денеңізді қатайтыңыз, иегіңізді алға қойып, басыңызды көтеріңіз және қолдарыңызды алдыңызға созыңыз немесе денеңізге қарай тартыңыз;
  • жағаға жеткенде, толқынның төбесі астыңыздан өткеннен кейін ғана шығыңыз.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі