
5 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павел Казанцев, Дүйсенбай Торғанов және Астана қаласы AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Сақтаған Садуақасов, Астана қаласы ТЖД бастығы генерал-майор Қуанар Базарбаев елордалық ТЖД Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.
Депутаттар тобы қызметкерлердің жұмысымен, өрт сөндіру-құтқару бөлімшесінің жабдықталуымен танысып, проблемалық мәселелерді көрсете отырып, жеке құраммен әңгімелесті.Депутаттардың елордалық құтқарушыларға келуінің негізгі мақсаты -жеке құрамды кадрлық, әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнеткерлік жас, бөлімшелерді материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерін талқылау.
Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі