Қызылорда және Түркістан облыстарының шекаралас орманды дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Қызылорда және Түркістан облыстарының шекаралас орманды дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен өрт-тактикалық  оқу-жаттығу өткізілді

4 шілдеде Қызылорда облысы мен Түркістан облысының шекара аралық орман-тоғай өрттерін сөндіру бойынша бірлескен өрт-тактикалық  оқу-жаттығуы өткізілді. 

Оқу жаттығудың мақсаты: «Төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғау қызметтері мен облыс аралық азаматтық қорғау органы бөлімшелерінің өзара жедел әрекет ету іс-қимылдарын жетілдіру».

Оқу-жаттығуға басшылық етті: Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Б. Әбдіқадыров, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Е. Сарыбаев, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Б. Шәріпбеков, Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры М. Рүстемов.

Оқу-жаттығу 10 сағат 00 минутта Абай облысындағы орман өрті кезінде қаза болған орманшыларды еске алу мақсатында 1 минуттық үнсіздікпен басталды.

Оқу-жаттығу барысында орман және дала өрттерімен байланысты төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары пысықталды.

Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтері мен Қызылорда, Түркістан облыстарының азаматтық қорғау органы бөлімшелері өзара әрекет ету нұсқаулығына сәйкес жұмылдырылды. 

Барлығы 150 адам мен 32 бірлік техника тартылды.

Оқу-жаттығу тиісті деңгейде өткізілді, барлық қойылған міндеттер орындалды.

               

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі