Ұлан ауданындағы Асубұлақ орманшылығы аумағында таулы, жартасты жетуі қиын орындарда өртенген құрғақ шөп пен бұталарды сөндіру жалғасуда. Елдімекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру үшін жедел шаралар қабылдануда, аумағы шамамен 20 га құрайды. Өртті сөндіруге су құю құрылғысы бар ШҚО авиабөлімшесінің, «Казавиақұтқару» АҚ МИ-8 және Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшақтары жұмылдырылған, қазіргі таңда 723 рет су төгілген. Сонымен қатар өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 200-ден астам адам, 25 бірлік техника, ШҚО авиабөлімшесінен 2 тікұшақ, «Казавиақұтқару» АҚ-дан 2 тікұшақ және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы жұмылдырылған.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі