Елордалық жас құтқарушылар Әзірбайжанда өткен жарыста жүлделі орынға ие болды

Елордалық жас құтқарушылар Әзірбайжанда өткен жарыста жүлделі орынға ие болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы ТЖД "Жас құтқарушылар" командасы Әзірбайжан Республикасының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Жас құтқарушы" Халықаралық балалар-жасөспірімдер жарысына қатысты.

Жарыс 2023 жылдың 26 маусым мен 1 шілде аралығында Әзірбайжан Республикасының Гябяля қаласында өтті.
Жарыс түрлі бағыттар, спорттық іс-шаралар және өзін-өзі құтқару дағдыларын үйрету, атап айтқанда: "Өрт эстафетасы", "Іздестіру-құтқару жұмыстары", "Кедергілер жолағы" сондай-ақ "Фотокөрме. Менің елім, менің командам" бағыттары бойынша өтті .

Тартысты күрестің қорытындысы бойынша "Жас құтқарушы" Халықаралық слетіндегі жалпы командалық 3-ші орынға ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД  командасы ие болды.

Астана қаласы ТЖД ТЖ  жою басқармасы