2023 жылғы 30 маусымда сағат 12-05 шамасында “101” пультіне Қызылорда қаласы Н. Назарбаев даңғылы № 2 “А” 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізу барысында аталған мекенжайда 5 қабатты тұрғын үйдің 1подъезді, 4 қабатында орналасқан № 48 пәтердің іші толығымен жанып, салдарынан подъезд ішін қою қара түтін басқандығы анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі біріккен іс-қимылдарының нәтижесінде жанып жатқан пәтер ішінен 1992 жылғы және көршілес пәтердің ішінен 1985 жылғы ер адамдар құтқарылып, жедел-жәрдем бригадасына тапсырылды. Сонымен қатар өрт ошағынан 27 литрлік 2 дана газ баллондары шығарылып, қауіпсіз жерге орналастырылды. Көршілес орналасқан пәтерлерге өрттің таралуына жол берілген жоқ. Өрт оқиғасы сағат 12-27-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 4 техника мен 15 қызметкер жұмылдырылды. Өрт салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.
Қызылорда қаласы ТЖД баспасөз қызметі