
2023 жылғы 2 шілдеде сағат 16:10-да Тобыл қ. 10-ӨСБ байланыс пультіне Дорожная көшесі бойындағы жеке аула аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде 55 ш.м. алаңда жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған көлікжай, шаруашылық құрылысының шатыры өртке оранып жатты.
Өрттің көлікжайдан бір метр қашықтықта орналасқан тұрғын үйге таралу қаупі болды, алайда өрт сөндірушілер жалынды қайтарып, тұрғын үйді сақтап қалды. Өртті сөндіру барысында олар үйден сыйымдылығы 27 литр 1 газ баллонын эвакуациялады.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, үй манынан өтіп бара жатқан көршісі 2017 жылы туған баланы үйден шығарып алған.
Сағат 16:29-да өрт оқшауланып, жарты сағаттан кейін толығымен жойылды.
Өрт ағаштан жасалған көлікжайды қиратты, оның ішінде жеңіл автокөлік, велосипед, үй заттары болған.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі - тез тұтанатын сұйықтықты пайдалана отырып, көлік құралын (скутерді) жөндеу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын бұзу.
Өртпен күреске құрамында 15 адам және 6 бірлік техника бар ТЖД күштері мен құралдары күресті.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы