Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша бүгінгі күні Көкпекті ауданында 200 гектар алаңында қамыстын жануы орын алады.
Оқиға орнында қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері бар.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көкпекті ауданы әкімдігінің сұрау салуы бойынша өрт орнына Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 5 адам және 2 бірлік техника бар күштері мен құралдары жіберілді.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін қамыстың жануы су қоймасы акваториясының шекарасында болып жатқаны анықталды.
Осыған байланысты өрт сөндіруді жаяу жүзеге асыру, сондай-ақ автомобиль өрт сөндіру техникасын тарту мүмкін емес.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі