Рудный қаласының 2-МӨСБ кезекші қызметіне сағат 16:59-да Корчагин көшесінің бойында 5-қабатта шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үйде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел түрде 11 адам және 9 бірлік өрт сөндіру техникасы жіберілді. Өрт орнына келген кезде 5-қабатта екі бөлмеден тұратын тұрғын секцияларының бірінде өрт болғандығы анықталды.
Автокөлік сатысының көмегімен балконда өрттен жасырынған 1974 жылы туған ер адам эвакуацияланды. 1963 жылы туған тағы бір адамды көрші бөлмеден Газ-түтіннен қоғау қызметі ес-түссіз күйінде тауып алды. Өрт сөндірушілер оны құтқару қапшығын қолданып, қалың, улы түтінге оранған баспалдақтан эвакуациялады.
Улы газдан улану диагнозы қойылған құтқарылған азаматтар жедел жәрдем көлігіне тапсырылды.
Сағат 17: 45-те өрт сөндірілді.
Оқиға фактісі бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі - отты абайламай пайдалану (төсекте темекі шегу)
Отты мұқият және пайдалану - өрттің алдын алу үшін қажетті шара.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы