Алматы облысындағы қамыс өрті оқшауланды

Алматы облысындағы қамыс өрті оқшауланды

Алматы облысының  Іле-Балқаш резерваты басшылығының ақпараты бойынша қамыс өрті сағат 17.00-де оқшауланды. 2023 жылғы 1 шілдеде сағат 17.00-дегі жағдай бойынша ауданы 30 га өртті сөндіру жұмыстары жалғастырылуда.

Өрт жетуі қиын батпақты жерлерде жекелеген аралшаларда орын алғандықтан, оны сөндіру қиындады. Естеріңізге сала кетейік, өрттің жалпы ауданы 6200 га болатын.

ТЖ департаментінен 47 қызметкер мен 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты, «Іле-Балқаш» МТР» РММ 25 адам және 10 бірлік техника 5-орамда алдын ала ауданы 30 га өртті мотопомпалар мен шанц аспаптарын пайдалана отырып, өртті жаяу сөндіруде. Жылдар бойы өскен тереңдігі 1,5 метр қамыс қалдығы да өртті сөндіруде қиындық туғызды. Өрт ошақтарына әуеден су ағызу құрылғысымен су төккен кейін де бықсуда.

Сонымен қатар Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өршуін болдырмау үшін орман шаруашылығынан 8 адам және 4 бірлік техника жерді жырту жұмыстарын жүргізуде . Елді мекендерге қауіп жоқ.

Бүгін сағат 13.05-те Қазавиаорманкүзеті тікұшағымен өрт ошақтарын аэровизуалды тексеру және жедел жағдайды анықтау үшін әуеден барлау жүргізілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі