
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыстың орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде бүгін «Талдықорған орман шаруашылығы» КММ Қаратал орманшылығының аумағында орманды дала өртін сөндіру бойынша облыстық өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.
Осы оқу-жаттығулар шеңберінде облыс аумағында туындайтын орман және дала өрттерін сөндіру жөніндегі күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылы, өрттер туралы ақпарат алмасу тәртібі, өзара іс-қимыл жасайтын мекемелер мен қызметтер арасында және табиғи өрттерді жоюға қатысатын өртке қарсы құралымдардың дайындығы пысықталды.
Осы оқу-жаттығуларға барлығы 27 бірлік техника және 141 жеке құрам жұмылдырылды (ТЖД 10 бірлік техникасы және 41 ж/қ, орман мекемесінің 3 бірлік техникасы және 11 ж/қ, ЖПҚ 3 бірлік техникасы және 10 ж/қ, Ұлттық ұланның 2 бірлік техникасы және 30 ж/қ, әкімдіктің 4 бірлік техникасы және 30 ж/қ, Жетісу Су Арнасының 2 бірлік техникасы және 4 ж/қ, «Қазвиаорманқорғау» РМҚК 1 бірлік техникасы және 9 ж/қ, Апаттар медицинасы орталығының 1 бірлік техникасы және 3 ж/қ, Жедел жәрдемнің 1 бірлік техникасы және 3 медицина қызметкері).
Облыстың барлық аудандарында табиғи өрттерді сөндіру бойынша осындай өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді (барлығы 13 оқу-жаттығу өткізілді).
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпті кезеңде тұрақты негізде алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі