Неліктен өрт шығады?

Неліктен өрт шығады?

Бірінші орын – қоқыстың жануы. Жеке үйдің жанында қоқыс пен құрғақ шөптің жиналуына жол бермеңіз.

Екінші орын - монша. Негізгі себеп-төбенің жануы, пештің қызуы және шатырдағы мұржаның қызуынан болып табылаады. Пеш жағу кезінде пешті бақылаңыз, бу бөлмесінің тақтайларын үнемі өзгертіңіз. Егер ағаштары сұр болып, қарайса, бұл өрттің боатынының нақты белгісі. Мұржаны мұқият оқшаулаңыз. Пештің төбесін металлмен жауып, құбыр мен еденнің ағаш элементтері арасында құм, жылу кедергісін жасаңыз, сонымен қатар пеш пен бу бөлмесінің қабырғасы арасында құм төсеңіз.

Үшінші орын - саяжайлар. Саябақтарда кәуап қуырылады, шөптер, қоқыстар жағылады, монша жағады, сонымен қатар алкогольді ішімдіктер қолданылады. Өрттің себебі-отты абайсыз қолдану.

Төртінші орын - сым. Біздің пәтерлерде электр аспаптары 30-40 жыл бұрынғыдан он есе көп. Ол кезде көптеген тұрғын үйлер салынды. Сол кездегі сымдар заманауи жүктемелерге төтеп бере алмайды. Кір жуғыш машина мен электр шәйнек пен микротолқынды пештің қанша электр күшін жұмсайтынын білесіз бе? Сіздің пәтеріңіздегі сымдар қандай жүктемені көтере алады?

Бесінші орын - адамдардың назарынан тыс қалу. Пеште қалған тамақ, сөндірілмеген темекі, электр жылытқыштарында кептірілген заттар және т.б. Әдетте, бұл жағдайлар үнемі ішетін пәтер иелерінің үйлерінде болады.

Алтыншы орын - балалар ойыны. Өртеген қоқыс шелегі немесе қоқыс жәшігі, терек мамығы болуы мүмкін, солардың салдарынан біреулердің сарайлары өртеніп кетуі мүмкін. Ондай жағдайлар көп кездеседі. Ол үшін не істеу керек? Балалардың отпен ойнауына жол бермеу қажет!

Жетінші орын - өртеу. 75% өртеу ниеті мас болу салдарынан туындайды. Өртеуді әдетте, жәбірленушілермен байланысты адамдар жасайды. Егер ересек адам емес, бала өртеген болса? Бұл жағдайда ата-аналар балалардың қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, өрттен келтірілген материалдық залал үшін әкімшілік тәртіппен жауап береді.

Өз қауіпсіздігіңіз туралы ойланыңыз, апаттың алдын алу үшін өрттің барлық себептерін жойыңыз.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі