Ақмола облысының жасөспірімдер құрамасы Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері атанды

Ақмола облысының жасөспірімдер құрамасы Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері атанды

Атырау қаласында 26-30 маусым аралығында жасөспірімдер арасында өрт-құтқару спортынан XIII республикалық чемпионат өтті, – деп Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталмыш чемпионатта еліміздің түкпір-түкпірінен 16 команда және 130-дан астам жас спортшы бақ сынасты. Жарыс 4 кезең бойынша өткізілді: оқу мұнарасының 3 қабатындағы терезеге шабуыл баспалдағымен көтерілу; кедергілермен 100 метрлік жолақты еңсеру; өрт эстафетасы; жауынгерлік қанат жаю.

Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша Ақмола облысының командасы III жалпы командалық орынға ие болды. Жеке есепте 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеруде кіші топ жастары арасында 3-орынды Аян Тоқтарбай, жоғары топ жастары арасында оқу мұнарасының 3 қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуде 3-орынды Бекжан Есенғазы иеленді.

Спортшыларымызға сәттілік, мықты денсаулық және де үлкен жетістіктерге жетулерін тілейміз.

 Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі