Іздестіру-құтқару жұмысы

Іздестіру-құтқару жұмысы

29 маусым күні сағат 18:40-та Балқаш қаласының «112» пультіне жоғалған туристер туралы хабарлама келіп түсті. Ақтоғай ауданы Тасарал ауылының маңындағы Балқаш көлінде төрт турист, оның ішінде үш Ресей азаматы көмек сұраған. Белгілі болғандай, олардың көлігі бұзылып, жолды бағдарлай алмаған. Екі турист көліктің жанында қалып, екеуі көмек сұрап ең жақын Тасарал ауылына жаяу барған.

Оқиға орнына Қарағанды ​​облысының ТЖД Приозерск гарнизонының қызметкерлері аттанды. Тасарал ауылынан шамамен 20 шақырым жерде құтқарушылар екі туристті тауып алып, олардың көлігі тоқтаған жерге барды. Оларға көліктің техникалық ақауын жоюға көмек көрсетілді. Құтқарушылар туристерді жақын маңдағы елді мекенге дейін шығарып салды.

Қарағанды ​​облысының ТЖД еске салады!

Ұзақ жолға шыққанда, көліктің жақсы жағдайда екеніне көз жеткізіңіз.

Өзіңізбен бірге байланыс құралдары мен су болсын.

Өрт сөндіргішті әрқашан қол жететін жерде сақтаңыз.

Оқыс оқиғалар мен ТЖ барлық фактілері туралы 112 немесе 8 (7212) 43-36-36, 43-37-37 телефон нөмірлері арқылы хабарлаңыздар.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі