
2023 жылғы 29 маусымда «Өрт сөндіру эстафетасы» бойынша жасөспірімдер арасындағы ХІІІ жазғы республикалық чемпионаттың үшінші кезеңі өткізілді.
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында ХІІІ жазғы чемпионаттың үшінші күні спортшылар өрт эстафетасында өз шеберліктерін көрсетті.
Бұл жарыста командалық рух, бірге әрекет ету қабілеті ерекше назарға ілінді. Сонымен қатар әр қатысушы өзінің жеке қасиеттерін көрсете білді. Жеңіс үшін барлық күш-жігердің қажет екені белгілі.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын – Ақмола облысы командасы (1,04,52 минут)
2 орын – Ақтөбе облысы командасы (1,05,66 минут)
3 орын – Шымкент қаласы командасы (1,06,81 минут)
Жасөспірімдер арасындағы XІII чемпионаттың “Жауынгерлік қанат жаю» сайысының жеңімпаздары анықталды. Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XІII ашық жазғы чемпионатының соңғы кезеңі 30 маусым күні Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінің стадионында өтті.
Спортшылар жауынгерлік қанат жаю кезеңі бойыншы сынға түсті. Бұл әрбір қатысушы жұмыстың реттелгені мен нәтижелігіне септігін тигізетін командалық ойын болып саналады.
Жарысқа қатысушылар өз дайындықтарын, жеңіске деген ұмытылыстарын көрсетті. Күштері мен кәсібилігін көрсетіп, ширақ қимылдарымен жауынгерлік қанат жаюдан өтіп, оның қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
І орын - Батыс Қазақстан облысының командасы
ІІ орын - Маңғыстау облысының командасы
ІІІ орын – Шымкент қаласының командасы иеленді.
2023 жылғы 30 маусымда Х. Досмуұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы ХІІІ жазғы чемпионатының жабылу салтанаты өтті.
Өрт сөндіру-құтқару спорты – қайсарлық, кәсібилік және төзімділік секілді маңызды қасиеттерді қалыптастыратын батыл да ержүрек адамдардың спорты.
Жазғы чемпионаттың жабылу салтанатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник, бас төреші Ержанов Аскат Амангелдіұлы, Республикалық Өрт сөндіруші және құтқарушы спорт федерациясының директоры Данаев Даурен Төлегенович, азаматтық қорғау органдарының ардагері Бержанов Омар Құмарұлы жеңімпаз командаларды құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Республикалық чемпионатқа келген жасөспірімдер жоғары кәсіптілігін, командада жұмыс жасай білетіндігін, қиын сәттерде адамдарға көмек көрсетуге дайындығын көрсетті. Жалпы әр команда үздік нәтиже көрсетті. Біздің қонақжай жерімізде біз әрқашан Сіздерді көруге қуаныштымыз, – деп атап өтті Департамент бастығының м.у.а. полковник А. Ержанов.
4 күнге созылған тартысты сайыс қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте:
1-орын Батыс Қазақстан облысының командасы,
2-орын Ақтөбе облысының командасы,
3-орын Ақмола облысының командасы иеленді.
Үздік нәтиже көрсеткен жасөспірімдер арасынан ұлттық құрама команда жинақталып, тамыз айында өтетеін халықаралық аренада ел намысын қорғайтын болады.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы