
Шымкент қаласы әкімінің қаулысымен жаппай демалуға және шомылуға арналған 5 орын және тыйым салынған 13 орын бекітілген. Шымкент қ. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Ж.Кәрімбаевтің төрағалығымен ағымдағы жылдың 30 маусым күні жергілікті атқарушы орган және полиция қызметкерлерімен бірлесіп шомылуға рұқсат етілген “Қошқар ата” өзенінің бастауында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша күшейтілген түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында «Шар-шара» аквапаркімен жасасқан меморандумға сәйкес, көп балалы және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасылардың балаларына тегін шомылу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Шымкент қ. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары балаларға суда жүзу бойынша оқыту сабағын өткізді. Атқарылған іс-шара «Хабар 24» телеарнасы арқылы жарияланып, сұқбат берілді.
Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі