
Шығыс Қазақстанда еріктілер құтқарушыларға жаппай бұқаралық форумдарда кезекшілік етуге, демалу орындары мен туристік маршруттарда қауіпсіздікті қадағалауға көмектеседі, адамдарға алғашқы көмек дағдыларын үйретіп, психологиялық қолдау көрсетеді, сонымен қатар түрлі ТЖ кезінде қалай дұрыс әрекет ету қажеттігін үйретеді.
Волонтерлардың төтенше жағдайда өздері зардап шегушілердің қатарында болмауы үшін және тұрғындарға барлық іс-қимыл ережелерін сауатты түрде жеткізуі үшін кейбір дағдылар мен ерекшеліктерді оқып-үйрету қажет. Осыған байланысты ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс орталығының базасында өрт қауіпсіздігі пәндері, жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету, іздестіру қызметі және төтенше жағдайлар кезінде қорғау тақырыптары бойынша сабақтар өтті.
"Мұндай дайындық курстары үлкен білім береді. Еріктілер үшін ШҚО ТЖД мамандары қажетті дағдыларға ие болуы үшін ториялық базадан басқа тыңдаушыларға тәжірибелік дайындық беріледі, сондай - ақ біздің облыстағы оқиғалар мен төтенше жағдайлардың нақты мысалдарымен оқыту арқылы пысықталады. Есінен танған адамға, жарақат алғанға көмек көрсету, шұғыл қызмет келіп жеткенше жасанды тыныс алдыра білу маңызды", - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов атап өтті.
"Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы өте қиын. Мен өзім жақында ғана Абай облысындағы орман өрті кезінде олардың жұмыстарының куәсі болдым. Қолымнан келгенше көмектестім: су тасыдым, өртте жұмыс істегендерге тамақ пісірдім, картоп тазаладым» - деп волонтер Сергей Чернышев бөлісті.
Дайындық аяқталғаннан кейін 20-дан астам волонтер сертификаттарға ие болды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі