
«Көкшетау» тауына көтерілмекші болған 2010 жылғы жас жігіт тайып кетіп, аяғын сындырып алған. Оқиға кеше орын алды, жәбірленушінің жанында анасы мен інісі болған.
Қуанышқа орай, Атырау облысынан келген қонақтар үшін оқиға орнына Бурабай ауылының №7 Жедел-құтқару бөлімшесінің құтқарушылары дереу қастарынан табылды. Қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен жасөспірімді жедел жәрдем көлігіне тапсырды.
Ақмола облысының ТЖД таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі