
2023 жылғы 28 маусымда Атырау қаласында Самал ықшам ауданында №13 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде жасөспірімдер арасында өрт сөндіру – құтқару спорты бойынша ХІІІ Республикалық чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті.
Аталған чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 130-дан астам қатысушыдан құралған 16 команда өз шеберліктерін көрсетіп, чемпион атағына күш сынасып жатыр.
Салтанатты іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Нұртаев Қайрат Талапұлы ашты. Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Ержанов Аскат Амангелдіұлы, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Данаев Дәурен Тулегенович және азаматтық қорғау органдарының ардагері Бержанов Омар Құмарұлы чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
2023 жылғы 28 маусымда Атырау қаласында өрт сөндіру – құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында ХІІІ жазғы чемпионаттың бірінші кезеңі өтті. Жасөспірім ұлдар 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту кезеңі боынша сынға түсті.
Кіші топ арасында:
1 орын – Баатарұлы Манас, Павлодар облысы (19,24 сек.)
2 орын – Черевко Данил, Павлодар облысы (21,07 сек.)
3 орын – Токтарбай Аян, Ақмола облысы (24,28 сек.).
Орта топ арасында:
1 орын – Литвишкин Артем, БҚО (17,39 сек.)
2 орын – Насибуллин Ернур, БҚО (18,40 сек.)
3 орын – Сериков Абылай, БҚО (46,62 сек.)
Үлкен топ арасында:
1 орын – Мухамадеев Никита, БҚО (18,23 сек.)
2 орын – Маратұлы Абдукарим, Астана қаласы (18,23 сек.)
3 орын – Мауланов Сарвар, Шымкент қаласы (18,35 сек.)
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XІІI жазғы чемпионаттың екінші кезеңі оқу мұнарасының екінші, үшінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу кезеңінің жеңімпаздары анықталды.
Кіші топ арасында оқу мұнарасының екінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу қорытындысымен:
1 орын – Абаев Амир, Ақтөбе облысы (8,18 сек)
2 орын – Голунов Илья, БҚО (8,99 сек)
3 орын - Ескендір Нұрислам, Жамбыл облысы (9,40 сек)
Орта топ арасында оқу мұнарасының екінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу қорытындысымен:
1 орын – Мартынов Антон Қарағанды облысы (7,70 сек)
2 орын – Насибуллин Ернур, БҚО (7,99 сек)
3 орын - Изгали Алмат, Атырау облысы (8,18 сек)
Үлкен топ арасында оқу мұнарасының үшінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу қорытындысымен:
1 орын – Раимкулов Раимбек, БҚО (11,41)
2 орын – Мухамадеев Никита, БҚО (11,91)
3 орын - Есенғазы Бекжан, Ақмола облысы (12,71)
Келесі кезең Атырау қаласында «Мұнайшы» орталық стадионында 4х100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы өтетін болады.
Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы