2023 жылғы 29 маусымда сағат 19:32-де Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Ақтөбе су қоймасы аумағынан құтқарушылар патрульдеу кезінде 1993 жылы туылған ер адамды жағадан 40 метр қашықтықтан құтқарып, жағаға алып шықты.
Зардап шегуші медициналық көмекті қажет етпеді.
Құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, 30 жастағы ер адамды үйіне жіберді.
Ақтөбе облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:- егер сіз кішкентай балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз;
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі