
2023 жылғы 29 маусымда Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу барысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Щучинск қаласының № 9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі тақырыбында жүргізген әлеуметтік экспериментімен бөлісті.
"Біз Щучье-Бурабай курорттық аймағында шағын әлеуметтік эксперимент жүргіздік. Бірнеше сағат бойы біздің қызметкерлердің бірі азаматтық киім киіп алып, барлық адамдардың көз алдында жүріп темекі шегіп, тұқылдарын адамдардың көзінше лақтырған. Оған ешкім дерлік ескерту жасаған жоқ. Қауіпсіздік мәдениеті қайда?! Экспериментке қатысқан 30-40 адамның біреуі ғана ескерту жасады", - деп министр эксперименттен алған әсерімен бөлісті.
Өздеріңіз білетіндей, эксперимент барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері орман-дала алқаптарында азаматтардың өрт қауіпсіздігі мен жүріс-тұрыс ережелерін бұзған адамға реакциясы мен іс-әрекеттерін тексерді. Куәгерлердің көз алдында "тәртіп бұзушылар" темекі тұқылын лақтырып, табиғатқа өрт қаупін төндірді. Айта кету керек, көптеген адамдар "тәртіп бұзушыларға" жауап берген жоқ немесе жай ғана қарап, елемей өтіп кеткен. Телефонмен сөйлескен бір ғана адам ерінбей, орман алқабының ортасында темекі тұқылын лақтырған жас жігітке ескерту жасады. Тәжірибе көрсеткендей, біздің тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ойлануы керек, өйткені азаматтар өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетпейді, ал орман өрттерінің көпшілігі негізінен сөндірілмеген темекі тұқылын лақтырудан туындайды.
"Көбінесе табиғи өрттер адам факторының салдары. Негізінен, азаматтар табиғатта болған кезде сақтық шараларын ұмытып, жабдықталмаған жерлерде от жағып, қоқыстарды қалдырады. Сондай-ақ, шөп шабу немесе егін жинау кезінде фермерлер агротехниканы ұшқын сөндіргіштерсіз пайдаланады. Осыған байланысты, табиғи өрттердің туындау қаупін болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске саламын", - деп министр Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу барысында айтып өтті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі