
ТЖ министрі Сырым Шәріпханов «Бақытты балалық шақ» судағы қауіпсіздік сабағына қатысты. Мұндай сабақтарды Павлодар облысының Қауіпсіздік мектебі тұрақты түрде өткізеді.
Судағы қауіпсіздік сабақтары балалар мен жасөспірімдер арасындағы су ортасындағы қауіпсіздіктің маңыздылығын насихаттауға және түсінуге бағытталған бағдарламаның ажырамас бөлігі болды. Оларды ТЖ департаментінің құтқарушылары және жүзу нұсқаушылары жүргізеді.
Сабақ барысында балалар судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін, жүзу негіздерін және құтқару әдістерін, сондай-ақ практикалық дағдыларға да үйренеді. Төтенше жағдайларға ден қоюды және басқаларға көмектесуді үйрететін әртүрлі жаттығуларға қатысады.
Министр бұл тақырыптың мемлекеттік саясаттағы маңыздылығы мен басымдығын атап өтті. Ол қатысушылармен кездесіп, жастарға қауіпсіз өмірге дайындауға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, Сырым Шәріпхановқа зияткерлік функцияларды қолдайтын Hikvision зияткерлік бейнекамераларының жұмысы көрсетілді: рұқсат етілмеген жерде жүзу, секіру кезінде көзден жоғалған, жолақтардан өтіп кеткен объектіні анықтау, ден қою, жылдам әрекет ету үшін суретін көрсете отырып да орталыққа хабар беру.
Облыс орталығының жағажайлары биыл осындай камералармен жабдықталып, өз жұмысын көрсетуде. Ертіс өңірі Алматыдан кейінгі Hikvision зияткерлік бейнекамералар жобасы іске қосқан екінші аймақ болды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі