Мереке қарсаңында Қостанай қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында журналистер арасында өрт-құтқару квесті ұйымдастырылды.
Іс-шара Қостанай облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы А.В Уразовтың құттықтау сөзімен басталды. «28 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарының байланыс қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Журналистердің шығармашылығының арқасында еліміздің азаматтары құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қызметі туралы біледі, сіздердің жұмыстарыңыз қарапайым азаматтарға ТЖ - ға дайын болуға мүмкіндік береді», - деп полковник А.В. Оразов баспасөз өкілдеріне айтты.
Сондай-ақ, Қостанай облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы мен облыстық мәслихат депутаты М.Жутаев өз құттықтауларын білдірді.
Qostanai телеарналарының өкілдері, 31 арна, Атамекен бизнес каналдары, «Караван Новостей» радиосы, «Наш Костанай» редакциясы, «Костанайские новости» газеті сап түзеді.
Бірнеше сағат бойы олар өрт сөндіруші рөлінде болып, өрт сөндірушілердің жұмысында кездесетін қиын тапсырмаларды орындап, өрт сөндіруші мамандығының қаншалықты қиын және қауіпті екенін сезінді.
Жарыс басталар алдында жеребе жарияланып, әрбір кезеңнің өтуі бойынша толық нұсқама өткізілді.
Командалардың алдында өрт сөндірушінің жауынгерлік костюмін белгілі уақыт аралығында кию, шабуыл сатысымен 2-ші қабатының терезесіне көтерілу, екі жеңқұбырды жауынгерлік орналастыруды еңсеру міндеті тұрды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Qostanai» телеарнасының командасы, екінші орынды «Караван Новостей» радиосы иеленді. Үшінші орында «Костанайские новости» газетінің журналистері.
Жарыс жүлдегерлері мен қатысушылары сыйлықтармен, кубоктар және грамоталармен марапатталды.
Қостанай облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі