
Балалардың су айдындарында қауіпсіз демалуының бірден бір кепілі -олардың жүзе білуі. Балаларды жүзуге тегін үйрету бойынша жұмыстар Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-нің Жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен жүргізілуде. Ағымдағы жылғы шомылу маусымы басталғаннан бері Қаратау қаласының «Жартас» су қоймасында және Жаңатас қаласындағы «Комсомольское» қалалық жағажайында Жедел құтқару жасағының құтқарушылары 100-ден астам баланы жүзуге үйретті.
Сонымен бірге, балалардың назарына суда жүзе білгенімен әрқашан судағы қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігі жеткізіледі. Осылайша, өскелең ұрпақты тек шомылуға үйретіп қана қоймай, олардың санасында судағы қауіпсіздік шаралары туралы ой жастайынан қалыптасуына ықпал етеді.
Бұдан бөлек Жамбыл облысы Білім басқармасының жүзу бассейндерімен жасасқан мемарандум аясында Тараз қаласы аумағында Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешені және «Дельфин» жүзу бассейнінде 7 жасқа дейінгі балаларға, мектеп жасындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және көпбалалы отбасынан мектеп жасындағы балалаларға тегін негізде жүзіп үйретуден қызмет көрсетіледі.
Қазіргі күні Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешеніндегі жүзу бассейнінде көпбалалы отбасынан 895 бала аптасына 3 рет тегін қатысады.
Ал «Дельфин» жүзу бассейнінде көпбалалы отбасынан 60 бала тегін қатысады.
Су айдындарында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі