
2023 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Полициясының күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Р. Қайрақбаев қатысты. Ол 2023 жылғы 5 маусымда Жалағаш кентінде баланы судан құтқарып қалған полиция қызметкері - полиция майоры Е.А. Әбдірамановқа марапатын табыстады. Аталмыш марапаттың атауы - Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №225 ж/қ бұйрығына сәйкес «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі.
Сонымен қатар сақшылардың кәсіби мерекесіне сәйкес ел қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде аянбай қызмет етіп жүргені үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұжымына алғыс білдірді. Осы қызметтің қалыптасуына үлес қосқан, аталмыш саланың тәлімгер ардагерлеріне ризашылығын білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД
Кадр саясаты басқармасы