
Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін кәсіби мереке қарсаңында ШҚО ТЖД қызметкерлері мерекемен құттықтап, сондай-ақ құтқарушы-сүңгуір мамандығының қыр-сырымен таныстырды. Бұл үшін журналистерге суасты әлеміне барып-қайтуға мүмкіндік берілді. Дәл осы әдіс су астында жұмыс істеудің барлық қиындықтарын білуге мүмкіндік берді.
БАҚ қызметкерлерін құттықтау кезінде ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов журналист мамандығы қауіпсіздік шараларының алдын алуда ерекше орын алғанын атап өтті. Ал төтенше жағдайлар кезінде оқиғаларды бағалаудың жеделдігі мен әділдігі БАҚ-қа байланысты. Журналистер өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың имиджін қалыптастырады.
Журналистер ШҚО ТЖ департаментінің ұжымы алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін сезінуге мүмкіндік бергенін атап өтіп, ұйымдастырылған іс-шаралар үшін және өрт сөндіруші мамандығының иесі болуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі