
Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен Абай облыстық Полиция департаментімен бірлесіп, Бесқарағай ауданының аумағында орналасқан "Жас қанат" және "Радуга" балалар сауықтыру лагерлерінде "Қауіпсіздік күні" акциясы өткізілді. Бұл акция балалардың судағы мінез-құлық қауіпсіздігінің негізгі ережелеріне, өрт кезіндегі әрекеттерге және басқа да төтенше жағдайларға қызығушылығын дамытуға бағытталған.
Абай облысы ТЖД және Абай облысының ПД қызметкерлерімен балаларға, тәлімгерлерге, және лагер басшыларына шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері туралы, әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде қандай іс-әрекеттер қолдану керек екені жеткізілді.
«Жас Қанат» және «Радуга» лагерлерінде Семей қаласының Жедел құтқарушы бөлімінің құтқарушылары балаларға арнайы құтқару жұмыстары кезіндегі киетін киімдерін, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті.
Балалар белсенді түрде сұрақтарын қойып, өздерінің құтқарушылардың жұмысына қызығушылығын көрсетті. Сондай-ақ, қойылған сұрақтарына жауап ала отырып, өте құнды ақпараттарды алды.
Іс-шараға барлығы шамамен 200 бала мен лагерь қызметкерлері қатысты.
Мұндай іс – шаралардың мақсаты - балалармен болған жазатайым оқиғалардың алдын алу, өскелең ұрпақты демалыста бос болмауын қамтамасыз ету, оқыту болып табылады.
Құтқарушылар мұндай практикалық сабақтардан кейін балалар психологиялық тұрғыдан тұрақты болады және кез-келген төтенше жағдайларға дайын болады деп санайды.
Бұл бағыттағы жұмыс балалар лагерлерінің барлық демалыс маусымдарында жалғастырылады.
Осыған байланысты Абай облысы ТЖД тыйым салынған жерлерде суға түсуге болмайтынын, балаларды қараусыз қалдыруға, орнатылған қалқымалар мен арнайы қоршаулардан асып жүзуге болмайтынын, сондай-ақ, балаларға сіріңкемен және жарылғыш пиротехникамен ойнауға, өз еркімен электр құрылғыларын қосуға және пешті өзіне жағуға болмайтынын ескертеді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі