Жамбылдық құтқарушылар өрттен 15 адамды эвуакациялады

Жамбылдық құтқарушылар өрттен 15 адамды эвуакациялады

2023 жылғы 25 маусым күні сағат 17:55-те "101" қызметіне  Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жанатас қаласы, 5-шағын аудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатында өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Бірінші кезекте өрт сөндірушілер пәтерлерді барлауға және зардап шеккендердің бар-жоғын тексеруге кірісті. Нәтижесінде 15 тұрғын баспалдақпен құтқарылды, оның 5-уі балалар

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 18:19-да толықтай сөндірілді. Өрт алаңы 10 шаршы метрді құрады.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жамбыл обысы ТЖД еске салады: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз!

Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз.

Бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз.

Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі