2023 жылғы 25 маусым күні сағат 08:26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы жеке құрамының 16 құтқарушысы мен 5 бірлік өрт техникасы жұмылдырылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде өрт тараған жоқ, баспалдық арқылы 13 адам, оның ішінде 3 бала эвуакацияланды.
Өрт сағат 08:52-де толықтай сөндірілді. Өртің алаңы 10 шаршы метрді құрады.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақтөбе облысы ТЖД еске салады: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз!
Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз.
Бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз.
Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі