
2023 жылғы 24 маусымда Ресей ТЖМ оқу орындарының қабырғасында Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясы мен Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының курсанттары мен тыңдаушыларының салтанатты түрде бітіруі болды.
Түлектердің мерекелік іс-шарасын Ресей ТЖМ Министрі генерал-лейтенант Куренков Александр Вячеславович ашты. Іс-шараға Ақтөбе облысы ТЖД бастығы полковник Аманбаев Марғұлан Тапашұлы, ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары майор Самиев Шыңғыс Шайдуллаұлы және ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы Шаймағанбетов Руслан Әмірбекұлы қатысты.
Түлектерге құттықтау сөз сөйлеп, курсанттар мен тыңдаушыларға академияны бітіргені туралы дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді.
2023 жылы Академия қабырғасын Қазақстан Республикасынан 5 тыңдаушы және 32 курсант бітірді, оның ішінде 3 түлек үздік бітірді.
Соңында Академия түлектері Академия алаңында салтанатты шерумен өтті.
Жыл сайын ҚР азаматтық қорғау органдарының қатарын жоғары білікті даярланған офицерлер толықтырады, олар, білімнің жоғары деңгейімен, кәсібилігімен, сондай-ақ қиыншылыққа тап болған адамдарға қолдау көрсетуге және көмек көрсетуге дайындығымен ерекшеленеді.
ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті