Елордалық өрт сөндірушілер бұғыны құтқарды

Елордалық өрт сөндірушілер бұғыны құтқарды

2023 жылғы 21 маусымда сағат 19.00 шамасында құрғақ шөптің өртенуін жою кезінде Астана қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қамыс өскіндерінің арасынан бұғы тауып, құтқарды. 

Қазіргі уақытта бұғы қауіпсіз жерде және Ақмола облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлеріне аман-есен тапсырылды. 

Өрт сөндіруші-құтқарушылар үшін әрбір өмір иесі бағалы және олар әрқашан мұқтаж жандарға көмекке келуге дайын. 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі