
Астана қаласында «Астана-Арена» спорт кешені базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылу күніне арналған Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары, арнаулы және күштік құрылымдары қызметкерлерінің арасында ҚР ҰҚК төрағасының кубогына футболдан бесінші республикалық турнир өтті.
Жарысқа 8 команда қатысты: ТЖМ, ҰҚК, КС, ІІМ, Қорғанысмині, МКҚ, АФМ, ҰҰ.
Құрметті қонақтар ретінде ҚР күш құрылымдарының басшылары, ардагерлер, елордалық балалар футбол клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
Табан тартыс кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы 1 орынды, Төтенше жағдайлар министрлігінің командасы 2 орынды, Мемлекеттік күзет қызметінің командасы 3 орынды иеленді.
ТЖМ Кадр саясаты департаменті