Мектеп жанындағы лагерьлердегі қауіпсіздік сабағы

Мектеп жанындағы лагерьлердегі қауіпсіздік сабағы

Жазғы демалыстың басталуымен Әулиекөл ауданының оқу орындарында мектеп жанындағы лагерьлер ашылды.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өскелең ұрпақ үшін оқыту іс-шараларын өткізе отырып, уақытты қауіпсіз, пайдалы және қызықты өткізуге көмектеседі.

Бұл күндері олар Ш.Уалиханов, С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназия және Н. Островский мектептеріндегі балаларға қонаққа барды. Құтқарушылар балаларға табиғат пен тұрмыста қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске салды.

Ыстық, шуақты күндердің басталуымен балалар өзендер мен көлдерге асығады. Су объектілеріне барған кезде кішкентай балалардың ата-аналарының немесе аға-әпкелерінің бақылауында болуы өте маңызды, және әрине ең алдымен оларды жүзуге үйрету керек және олардың жағадан алыс жүзуіне жол бермеу керек.

Ал балаларды отпен дұрыс жұмыс істеуге үйрету үшін олар үшін жазғы демалыс кезінде өрттен қалай құтылуға болатыны туралы әңгімелер жүргізілді, өрт болған жағдайда іс-қимыл тәртібін түсіндірді, шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін назарға жеткізді. Сабақ соңында балаларға өрт қауіпсіздігі талаптары мен суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері жазылған ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды.

 Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі