Таразда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртке оранды

Таразда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртке оранды

2023 жылдың 20 маусымы күні сағат 14:29-да Тараз қаласы, Абай даңғылы 170 мекен-жайында, 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша 250 шаршы метр алаңда шатырдағы өрт оқиғасы орын алды (жалпы ауданы 1386, төбесі ағаш қаптамамен қапталған екі қабатты).

Баспалдақ арқылы 42 адам эвакуацияланды, оның ішінде 18 балалар. Өрт сағат 15:10-да оқшауланып, сағат 15:33-те жойылды.  Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының 42 адамы және өрт сөндіру қызметінің 14 техникасы жұмылдырылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

 Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі