«Жазғы демалыстағы балаларға арналған сауықтыру мекемелері туралы» тақырыбында брифинг өткізілді

«Жазғы демалыстағы балаларға арналған сауықтыру мекемелері туралы» тақырыбында брифинг өткізілді

Ағымдағы жылғы 20 маусым күні БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Рашид Бекетұлы Блялов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жазғы демалыстағы балаларға арналған сауықтыру мекемелері туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

Ағымдағы жылдың маусымдық сипаты мен ауа райы жағдайларын ескере отырып, лагерьлердің өртке қарсы жағдайына басты назар аударылуда. Департамент жоғары тәуекел дәрежесіне жататын балалардың 10 жазғы демалыс лагерін есепке алды. Олардың едәуір бөлігі қала сыртында, соның ішінде орманды дала аймақтарында орналасқан.  

Жағажайлары бар 4 балаларды сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Өтініштер бойынша Департаментің сүңгуіршілері жағажайлардағы су айдынының түбін тексеріп тазартып, қағидаларға сәйкес ұсыныстар берді.

Облыс аумағында барлығы 25 жағажай анықталды (4 коммуналдық және 21 жеке), оның 3-і ағымдағы жылы құрылды (Орал қ., Тасқала, Бөрлі аудандары). Бүгінгі таңда ТЖ департаментінің құтқарушылары 24 жағажайдың түбін тексеріп тазартты (1 Жәнібек ауданында судың болмауы себебінен тексерілмеді). Қазіргі уақытта 19 жағажай жұмыс істеп жатыр, қалғандары барлық дайындық шаралары өткізілгеннен кейін ашылады деп жоспарлануда.

Жалпы, су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін БҚО ТЖД рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу кезінде ауқымды жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері 437 рейд жүргізіліп, 12 мыңнан астам үгіт материалдары таратылды. Рейд барысында су айдындарында жүріс-тұрыс қағидалары түсіндірілуде.

Су айдындарында балалармен болатын жазатайым оқиғалардың туындау қаупін азайту, сондай-ақ балаларды судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі дағдыларына үйрету және білімін насихаттау мақсатында Департамент 2 жаңа жоба іске асырды:

Демалыс қауіпсіз болып ол туралы тек жағымды естеліктер қалуы қажет. Ол үшін су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары туралы ұмытпауымыз қажет.

Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз, төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

 БҚО ТЖД баспасөз қызметы