ШҚО ТЖД қызметкерлері су айдындарында қаза болу жағдайларына талдау жүргізді. Өткен жылы өңірде шомылу маусымында 7 адам суға батып кетті, ағымдағы жылы 2 адам, оның 1-уі бала. Барлық жазатайым оқиғалар рұқсат етілмеген шомылу орындарында болды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыс бойынша шомылуға тыйым салынған 111 учаске анықталды. Ағымдағы жылы 167 тыйым салу белгісі орнатылды. Бұл халықтың су қоймасында болу қаупі туралы ақпаратқа назар аударуы үшін жасалады. Әдетте, бұл учаскелерде сүңгуірлер су қоймасының түбін, қауіпті ағынын, иірімдерін тексермейді және құтқарушылар мен дәрігерлер бекеттері жоқ. ШҚО ТЖД мамандары қауіпсіздік белгілеріне немқұрайлы қарамай және тек рұқсат етілген жағажайларда жүзу керек екенін ұмытпауды сұрайды.
Сонымен қатар, құтқарушылар жағдайды бақылау және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полиция қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен патрульдеуде, тек өткен аптада 250-ден астам профилактикалық рейд жүргізілді. Трагедияларды тоқтату үшін құқық бұзушыларға әкімшілік практика қолданылды, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 364 - бабы бойынша - "Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 7 адам және 11 азамат 440-бабы бойынша "Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу" бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, жыл басынан бері "Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау" 412-бабы бойынша 2 жеке 2 лауазымды тұлға тартылды
Су айдындарындағы ТЖ алдын алу шеңберінде ШҚО ТЖД құтқарушылары демалыс базаларының иелеріне судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын орындау, су айдындарының түбін зерттеуге және қоғамдық құтқарушыларды даярлауға өтінімдер беру қажеттілігі туралы, 19 - демалыс лагерьлерінің басшыларына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік мекемелерге, жер қойнауын пайдаланушыларға және су айдындарының жағалауында орналасқан үйлердің иелеріне 34 хат жолдады.
Сонымен қатар, құтқарушылар шомылуға қандай орындар рұқсат етілгенін еске салады:
Өскемен қаласы: Меновновское көлі - Сол жағалау кешені жағажайы, Ертіс өзені - "Самал" жағажайы;
Алтай ауданы: Бұқтырма су қоймасы, Прибрежный және Жаңа Бұқтырма кенттерінде;
Риддер қаласы: Журавлиха өзені, Айлақ ауданы;
Катонқарағай ауданы - Бұқтырма су қоймасы, Ново-Хайрузовка ауылдық округі, Приморское ауылында;
Самар - Бұқтырма су қоймасы ауданы - Құлынжон ауылдық округі, Көкжыр ауылынан 8 шақырым, "Ескі жағажай" учаскесі;
Сарыбел ауылдық округі, Сарыбел ауылының маңындағы Шығанақ ауданында, Миролюбов ауылдық округі, "Қосалқы станция" учаскесі, Құлынжон ауылдық округі, Құлынжон ауылы, Құлынжон өткелінің ескі паром айлағы ауданында, Сарыбел ауылдық округі, Новостройка ауылындағы ескі Пирс ауданында, Лайлы су қоймасы - Самар ауылдық округі, Самар ауылы, Ешкібай су қоймасы - Самар ауылдық округі, Самар ауылы,
Ұлан ауданы Бұқтырма су қоймасы, Тарғын ауылдық округінде - Манат ауылы, Тайынты өзеніндегі су қоймасы - Тарғын ауылдық округінде, Төменгі Тайынты ауылы және Асубұлақ кенті, Шыбындыкөл көлі - Тарғын ауылдық округінде, Жоғарғы Тайынты ауылы, Сібе көлдері (Садыркөл, Төрткара, Шалқар, Қоржынкөл) - Алғабас ауылы, Бозанбай ауылдық округінде, Таврия ауылдық округіндегі Дубығалы көлі (алабұға) - Гагарино ауылы.
ШҚО ТЖД мамандары демалушыларды тыйым салатын белгілерге немқұрайлы қарамауға, тек жабдықталған жағажайларда шомылуға шақырады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі