
Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған орындарға патрульдеу жүргізді. Бірлескен рейд Ақжар су қоймасының бойында жүргізілді.
Бұл жолы рейдке қатысушылардың ерекше назары шомылуға келген жасөспірімдерге аударылды. Осындай балалармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Ересектерге жас балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы еске салынды, ал жасөспірімдерге су қоймаларында қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері айтылды. Жарқын плакаттарды қолдана отырып, балаларға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайтынын, демалу үшін тек арнайы жабдықталған орындарды таңдау керектігін айтты.
ТЖ департаментінің қызметкерлері ӘҚБтК-нің 412-бабы "Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау" бойынша патрульдеу нәтижесінде 1 адамға хаттама толтырып, 7 АЕК немесе 24 150 теңге мөлшерінде айыппұл салды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері тарапынан 3 адам ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша ескерту алды.
Шымкент қаласының ТЖ департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін тағы да еске салады:
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы