
2023 жылғы 20 маусымда сағат 03:30-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қонаев қаласында Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауында 19 маусымда балық аулауға шығып, адасып кеткен 1948 жылы туған ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Алматы облысы ТЖД Қонаев қ. жедел-құтқару жасағының 7 адамы, 1 техникалық құралы және 1 жүзу құралы, сондай-ақ Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы күшімен жоғалған адам Еңбекшіқазақ ауданы Шалқар ауылының маңынан сағат 17-15-те табылды.
Медициналық көмекке зәру болған жоқ.
Алматы облысы ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі