
Шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖ департаментінің қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп ӘҚБтК-нің 582-бабы бойынша шағын көлемді кемеде киілмегеген және тағылмаған қауіпсіздік кеудешелерінсіз болғаны үшін 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы офицері Диас Әмірханов: «Адамдар көбінесе өз күштеріне сеніп судағы қауіпсіздік ережелерін елемейді, мас күйінде қауіпсіздік кеудешелерін кимей суда шомылады», – деді.
Сондай-ақ, шомылу маусымы басталғаннан бері ӘҚБтК-нің 440 бабы бойынша – алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 9 адам, ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша – ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 5 адам және ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша – 1 адам су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны немесе орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі