
2023 жылғы 17 маусымда Жітіқара қаласының қалалық жағажай ауданындағы Шортанды өзенінде адам құтқарылды.
Су айдынын патрульдеу кезінде Жітіқара қаласының жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің қызметкерлері көмекке мұқтаж адамды тапты.
1988 жылы туған Жітіқара қаласының тұрғыны қоршаудан ары қарай жүзіп, жағажайға оралуға күші жетпеді. ЖҚЖ құтқарушылары мен әлеуметтік құтқарушылардың күшімен ер адам судан шығарылып, қайықпен жағаға жеткізілді.
Келесі күні кешке 2023 жылғы 18 маусымда Қостанайдағы Тобыл өзенінде қайғылы оқиға орын алды. 2004 жылы туған жас жігіт орталық жағажайда шомылды. Жас бала ұзақ уақыт бойы суда болды, сонымен қатар шектеулі қоршаулардан ары қарай жүзді.
Тобыл өзеніндегі мониторинг барысында ЖҚЖ қызметкерлері қол бұлғап, көмекке шақырып жатқан адамды байқады. Ұзақ уақыт салқын суда болғандықтан, жас жігіттің аяғы құрысып қалды. Құтқарушылар оны қайықпен жағаға шығарып, жүзушіге медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, түсіндірме әңгіме өткізді.
ТЖД қызметкерлері шомылу маусымында суда қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы