
2023 жылғы 13-14 маусымда Қызылорда облысы Жедел құтқару жасағының құтқарушылары мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамына қауіпсіздік талаптарын насихаттау мақсатында зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету мен құтқару әдіс-тәсілдері, құтқару құрал-жабдықтарын дұрыс пайдалану тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Статистикаға сүйенер болсақ, жыл басынан бері 13 адамның (оның ішінде 5-уі бала) ажалы судан келген.
Суға шомылу маусымы басталғалы бері күнделікті жүргізілетін рейдке қарамастан адамдардың суға кетіп қайтыс болу фактілері азаймай отыр. Суға шомылуға белгіленбеген жерлерде балалардың үлкендердің қарауынсыз суға шомылу, спирттік ішімдікті ішіп, мас күйінде суға шомылу, суда шомылу барысында аяқ-қолдың тырысып қалуы салдарынан болған қайғылы жағдайлар көбейіп отыр.
“Су – тіршіліктің көзі, ал, сақтық шараларын орындамаған жағдайда ажалға әкелетінін” есімізден шығармайық. Өзіміздің, жақындарымыздың, балаларымыздың өмірін қорғайық!
Қызылорда облысы ТЖД
“Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі”