«Жас құтқарушы-2023» облыстық слеті

«Жас құтқарушы-2023» облыстық слеті

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Павлодар облысы бойынша білім басқармасымен, "Медицина және апаттар орталығы" ММ Павлодар облысы бойынша филиалдарымен және "Қазақстанның Қызыл жарты айы" АҚ бірлесіп "Жас құтқарушы" клубтары арасында облыстық слет өткізді.

Слеттің негізгі мақсаты: төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және Ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

Жарыс төрағасы – Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Трещев Олег Юрьевич жарысты ашып, қатысушыларға үлкен жетістіктер мен жеңістер тіледі.

Слетке облыстың 11 мектебінің жас құтқарушылары қатысты.

Жарыс 6 кезеңде өткізілді. Балаларға алғашқы көмек көрсету және тасымалдауға дайындалу, сондай-ақ өрт эстафетасынан өту бойынша қажетті іс-қимылдарды орындай отырып, ситуациялық міндеттерді шешу қажет болды.

Жарыс соңында қорытындылар шығарылып, жеңімпаз командаларды марапаттау өткізілді.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды Ақсу қаласының командасы, екінші орынды Ертіс өңірінің командасы, үшінші орынды Ақтоғай ауданының құрама командасы иеленді.

Слет қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Павлодар обласы ТЖД

Төтенше жағдайларды жою басқармасы