
«Өрт қауіпті маусымында» Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ қызметкерлері бірлесе қалалық №1 мамандадырылған өрт сөндіру бөлімінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ерікті жастарымен «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.
Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ қызметкерлері өрт қауіпті маусымында және тұрмыста өрт шыққан кездегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, «112» шұғыл қызметтердің бірыңғай шақыру нөмірі, «101» өрт сөндіру қызметінің нөмірі туралы айтты. Өрт сөндірушілер қаланың өрт сөндіру қызметінің тарихы туралы да тілге тиек етті. Әрине, өрттен құтқару техникаларының мүмкіндіктері де олардың назарына ұсынылды. Жауынгерлік киімге де ерекше тоқталды. Олар да өз кезегінде әскери киімді кезектесе жарыса киіп көрді. Іс-шара соңында еріктілер естелікке суретке түсіп, өрт қауіпсіздігі бойынша өткізілетін іс-шараларға өздерінің азаматтық көзқарасын білдірді.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі