Төтенше жағдайлар министрлігінде медицина қызметкерлері марапатталды

Төтенше жағдайлар министрлігінде медицина қызметкерлері марапатталды

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында "Апаттар медицинасы орталығы" ММ, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың медицина қызметкерлері қызметін жүзеге асырады (өңірлердің ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ, «Мәлік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясы» ММ және әскери бөлімдер).

Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Республикалық шұғыл медициналық көмек орталығын құрды, ол 1994 жылы Апаттар медицинасы орталығы деп өзінің қазіргі заманғы атауымен атала бастады. 2007 жылы АМО ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді.

Апаттар медицинасы орталығы қызметінің негізгі мақсаты төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру, үйлестіру және оған қатысу, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлерін медициналық және психологиялық қамтамасыз ету болып айқындалды.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында (биыл 18 маусым) Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ерекше көзге түскен медицина қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен марапатталды.

 

«Еңбек ардагері» медалімен:

Акинжанова Махжан Кисматовна - ҚР ТЖМ АМО ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының медбикесі;

Халилина Гүлназия Адияқызы - Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ құтқарушы-медбикесі.

 

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен :

Панов Жумагали Нурбаевич - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Астана қ. бойынша филиалының басшы-дәрігері;

Кравченко Александр Иванович - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Қостанай облысы бойынша филиалының басшы-дәрігері;

Амреева Гульжан Мелисовна - Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ дәрігері;

Обознова Муршида Анваровна - СҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ құтқарушы-медбикесі.

 

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгімен:

 

Ховрин Валерий Викторович - ҚР ТЖМ АМО ММ Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері;

Азаматов Бакболат Масалимбаевич - ҚР ТЖМ АМО ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының дәрігері;

Жылкыбаева Айым Ибрагимовна - Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ дәрігері;

Турсунбекова Акнур Серикбековна - ҚР ТЖМ «52859 Әскери бөлімі» ММ фармацевті марапатталды.

 

Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен:

 

Нургалиев Дарын Алпысбаевич - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Астана қ. бойынша филиалының фельдшері;

Сабденов Сержан Мустафаевич - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Шымкент қаласы бойынша филиалы ТМҚП «Қызыл-әскер» фельдшері;

Сисенова Асемгуль Кенжебаевна - ТЖМ медициналық-психологиялық қызмет басқармасының бас сарапшысы;

Маханова Минура Усеновна - Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ құтқарушы-медбикесі.

 

Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен:

 

Қостаева Айдана Мүсілімқызы - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Қалыбай»  трассалық  медициналық-құтқару пунктінің фельдшері;

Маусымбеков Ерқанат Ерланович - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Астана қ. бойынша филиалының фельдшері;

Базарбаева Асия Кожановна - Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ құтқарушы-медбикесі;

Шашкенова Дамегуль Альжановна - Ақмола облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ құтқарушы-медбикесі.

Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы