Электр желісінің шамадан тыс жүктелуі өртке әкеп соғады!

Электр желісінің шамадан тыс жүктелуі өртке әкеп соғады!

Биылғы жылдың басынан бастап Қостанай облысында 362 өрт тіркелді. Оның 48-і электр сымдарының қысқа тұйықталуына және тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде облыста 258 өрт болды, қысқа тұйықталу және тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен – 44 өрт болды.

Өрттердің жалпы санының шамамен 15% - ы қысқа тұйықталу нәтижесінде пайда болды. Бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан болуы мүмкін, негізінен мұндай өрт 30 немесе одан да көп жыл қызмет ететін ескі үйлерде болады

Пайдаланылатын электр аспаптарының шамадан тыс саны және олардың дұрыс пайдаланылмауы Қостанай пәтерлерінде өрттің себебі болып отыр.

Қостанайда электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты пәтерлердегі өрттердің саны тұрақты түрде өсуде. Жаздың басынан бастап осындай бірнеше өрт тіркелді. Соңғысы 5 маусым күні таңертең Волынов көшесіндегі №15 үйде болды. Тұйықталу нәтижесінде кір жуғыш машина жанып кетті. Бағымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қостанайда жаздың басы өте ыстық болды. Сонымен қатар, жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындар ыстық су болмаған кезде суды жылытуға арналған құрылғыны шұғыл түрде орнатады, кондиционерлерді пайдаланады...

Кейде қолданыстағы электр желілері оларға түсетін шамадан тыс жүктемені көтере алмайды деп ойлайтындар аз. Әсіресе ескі үйлерде. Шынында да, олар салынып, электр сымдары төселген кезде, пәтерлер электр құрылғыларымен: кір жуғыш машиналармен, компьютерлермен, теледидарлармен, электр плиталармен, микротолқынды пештермен шамадан тыс жүктелетін кездер болатынын ескерілмеді.

Сонымен қатар, көп қабатты үйлерді салу кезінде алюминий сымдары қолданылған, қазіргі заманғы үйлерде көбінесе беріктігі жоғары мыс сымдар қолданылады.

Көбінесе ескі көпқабатты үйлерде тұрғындар қалқанға 32 және тіпті 40 ампер жоғары қуатты ажыратқыштарды орнатады, ал олардың нормасы 16-25 амперді құрайды.

Бұл жағдайда автоматты ажыратқыштар өз функцияларын орындамайды және барлық жүктеме сымдарға түседі.

Бұл нюанстар қайғылы оқиғаларға әкеп соғады.

 Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі